ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

0

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Жамбыл облысының тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді.
Іс-шараға азаматтық облыс тұрғындары, қорғау қызметінің басшылары, азаматтық қорғау ардагерлері, жеке кәсіпкерлер, азаматтық тұлғалар және БАҚ өкілдері қатысты.
Мереке Пшембаев қатысушыларды алда келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады. Өз сөзінде ТЖ вице-министрі министрліктің 2022 жылғы қызметінің қорытындылары жөнінде хабардар етіп, аумақтық бөлімшелердің материалдық-техникалық жарақтандырылуын нығайту, сондай-ақ ТЖ жүйесінің қызметкерлерін әлеуметтік қорғау бойынша қолданылатын шаралар туралы тілге тиек етті.
Кездесу барысында Мереке Құдайбергенұлы азаматтар мен журналистің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар азаматтарды жеке қабылдады.
ТЖМ КУРСАНТТАРЫ ЖЫЛУ-ТҮТІН
КАМЕРАСЫНДА ҚАЛАЙ ЖАТТЫҒАДЫ
ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының курсанттары жылу-түтін камерасында жаттығудан қалай өтетіні туралы бейнеролик әзірледі.
Жылу-түтін камерасы өртте кездесетін нақты жағдайларға жақын кәсіби дайындықты жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл нақты өрт жағдайын имитациялайтын арнайы оқу-жаттығу кешені. Курсанттардың да, өңірлерде қызмет атқарып жүрген өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың да жаттығулары төзімділіктің жоғары деңгейін, физикалық жұмысқа қабілеттілікті және жоғары температураға бейімделуді дамыту үшін жүргізіледі.
Жаттығудың өзі бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл тапсырмаларды орындамас бұрын бұлшықеттерді қыздырып алу керек.
Содан кейін өрт сөндірушілер жылу камерасына жіберіледі, онда оқу-жаттығу кешенінің снарядтары мен тренажерларында жаттығулар орындалады.
Жылу камерасындағы белсенді жаттығудан кейін курсанттар ең маңызды сынаққа көшеді, атап айтқанда өзгермелі орналасуы бар лабиринттерді, тұйық аймақтарды, имитациялық тұрғын бөлмені, сондай-ақ түтін генераторы мен дауыс зорайтқышты (зардап шеккендердің айқайы) имитациялайтын түтін камерасындағы газ-түтіннен қорғаушыларды жаттықтыру.
Газ-түтіннен қорғаушы қызмет буындарының алдында оқытушы жаттықтырушылардың орындауы және өтуі тиіс тапсырмалар мен маршруттарды таңдайды. Газ-түтіннен қорғаушы қызмет буындарына «өрт ошағын» табу, «өртті сөндіру» «зардап шеккен адамды (маникен) іздеу» және оны таза ауаға шығару сияқты бірдей тапсырмалар беріледі.
Барлық кезеңдер аяқталғаннан кейін буын жаттығу аймағынан шығады. Оқытушы тапсырманың орындалу уақытын белгілейді, сабақты қорытындылайды.

ҚЫСТА САЛҚЫН ТИГІЗІП АЛМАУДЫҢ ҚАНДАЙ
АМАЛДАРЫ БАР?

Қыста салқын тигізіп және үсік алмаудың қандай амалдары бар екенін есте сақтап, егер осындай жағдайларға тап болып жатсаңыз не істеу қажеттігін білген жөн.
ТЖМ салқын тигізіп және үсік алмаудың қарапайым ережелерін еске салады.
Алкогольдік ішімдіктер ішпеңіз, мас адамның денесі тез тоңазиды. Үсік алғандығы туралы белгілерге назар аудара алмайды. Суықта темекі шекпеңіз, темекі шегу адамның перифериялық қан айналымын азайтады, аяқ-қолды әлсіретеді.
Кең киім киіңіз, бұл қанның қалыпты айналымына ықпал етеді. Сыртқы киім міндетті түрде су өткізбейтін болуы керек.
Қолғапсыз, қалпақсыз және шарфсыз аязға шықпаңыз. Желді, суық ауа райында, сыртқа шықпас бұрын, дененің ашық жерлерін арнайы креммен майлаңыз.
Аязда ұзақ серуендегеннен кейін үйге оралғанда, аяқ-қолдың, арқаның, құлақтың, мұрынның және т.б. үсіп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Серуендеу кезінде сіз тоңғаныңызды сезсеңіз, жылыну үшін мүмкіндігінше кез — келген жылы жерге, атап айтқанда дүкенге, дәмханаға, үйге кіріңіз.
Егер сіздің көлігіңіз елді мекеннен алыс немесе бейтаныс жерде тоқтап қалса, көлікте қалып, телефон арқылы көмек сұрағаныңыз жөн немесе жолда басқа көліктің өтуін күткен дұрыс.
Желден қорғаныңыз, желде үсік алу ықтималдығы әлдеқайда жоғары.
Суықта ұзақ серуендеу үшін өзіңізбен бірге ауыстыратын бір-екі шұлық, қолғап және ыстық шай термосын алып жүрген жөн.
Балаларда дененің жылу реттелуі әлі толық қалыптаспағанын есте ұстаған жөн. Сондықтан, баланы аязды күні далаға серуендеуге жібергенде, оған әр 15-20 минут сайын жылы жерге кіру керек екенін ұмытпаңыз.
Егер оқиғалар орын алса, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.