Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдерде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша сабақтар өтуде.
Мамандық бойынша даярлық сабақтарында әрбір әскери қызметші штаттық лауазымына сәйкес мамандығы бойынша білімі мен дағдыларын арттырады.
Әскери қызметшілердің мамандық бойынша алған білімдері жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейге жетуіне үлкен әсер етеді.
Әскери қызметші өзіне сеніп тапсырылған әскери техника мен қаруды қолданудың қыр сырын жетік меңгеруге және кез келген жағдайда жауынгерлік әзірлікте болуға міндетті.
– Мамандық бойынша сабақ барысында оқу тобы құрылып, тәжірибелі сабақ жетекшілері мен нұсқаушы-сержанттар іріктеліп тағайындалды. Оқу-материалдық базалары да талапқа сай жабдықталды. Сабақтың сапалы өтуі үшін әскери техникалар мен байланыс құралдары толығымен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіліп, сабақтың жүргізілуі сапалы өтуде, – дейді 75263 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары майор Азамат Жұмашев.
Айта кету керек мамандық бойынша дайындық сабақтары осы аптаның соңында аяқталып, 9-13 қаңтар аралығында сынақтар қабылданатын болады.
Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі