ШЕТЕЛДІК АВТОКӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІҢ АЛГОРИТМІ

0

1. 2023 жылдың 23 қаңтарынан Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді
заңдастыру басталды.
Көрсетілген автокөліктер қандай жағдайларда 200 000 теңге алымын төлей отырып және утиль алымынан босатыла отырып, заңдастыруға жататын нақты өлшемшарттар белгіленген.
— Біріншісі — көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек;
— Екіншісі — іздеуде болмауы қажет;
— Үшіншісі — басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болу тиіс;
— Төртінші — кедендік тазартудан өту керек.
Ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автомобильдеріне (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде оң жақты басқару органдары бар автокөліктерге қолданылады.
Бастапқы тіркеуге жататын шетелдік автокөліктердің жасына және экологиялық сыныбына талаптар қойылмайды.
2. Бұл жағдайда көлік иесі 4 құжатты ұсынуы керек:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
4) көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат (оларға: осы мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе иеліктен шығару туралы өзге де мәміле шарттары, мұрагерлік құқығы туралы куәлік жатады. Бұл ретте, азаматтық заңнамаға сәйкес берілген сенімхат, егер мұндай құқық сенімхатпен берілген жағдайда, көлік құралына меншік құқығын үшінші тұлғаға беру үшін негіз болып табылады).
3. Өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін көлік құралын Тараз қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ұсынылады.
Салыстыруды Жамбыл облысы ПД сарапшы-криминалист жүргізеді
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Тараз қаласы Төлеби көшесі №198 мекен-жайында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына өткізу қажет.
Көлік құралын тіркеу сұрақтарымен 99-76-46 «қауырт желі» бойынша жұмыс ұйымдастырылған.

Жамбыл облысының полиция партаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.