ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ

0

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті халыққа Жолдауын көгілдір экран арқылы тыңдадық. 1 қыркүйек-Білім күні мерекесі қарсаңында жарияланған саяси құжатта Қасым-Жомарт Кемелұлы елді алаңдатқан пандемиямен күрестен бастап, мемлекеттің экономикалық даму, халықтың әл-ауқатын жақсырату бойынша нақты шаралар қабылдады. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Алдымызда ауқымды әрі күрделі міндеттер тұр. Соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпыұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет.
Біздің стратегиялық бағытымыз – айқын. Түйткілді тұстарымыз бен кемшіліктерімізді жақсы білеміз.
Бүгін мен бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын баяндадым. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты» деп, барша қазақстандықтарға Жолдауды орындаудағы ортақ жауапкершілікті атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.