«МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН»

0

Жергілікті тұрғындар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған шаралар қатары Сортөбе ауылында жалғасын тапты.

Сортөбе ауылындағы №16 М.Лермонтов атындағы орта мектебінде Масаншы, Сортөбе ауылдарындағы мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері арасында «Мен қазақша сөйлеймін» байқауы өтті.
Шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге этнос өкілдерін ынталандыру.
Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетова, аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Урустемов және облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің этносаралық қатынастар саласында әдістемелік көмек көрсету және мониторинг жүргізу бөлімінің бас сарапшысы А.Қаратаев байқауға арнайы қатысты.
Іс-шарада №16 М.Лермонтов атындағы, №18 Ә.Молдағұлова атындағы, №48 С.Торайғыров атындағы орта мектептердің директорлары және «Ер төстік», «Ботақан», «Достық», «Бүлдіршін» бөбекжайларының меңгерушілері бақтарын сынады.
Қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру», «Өнерлі өрге жүзер», «Кім жылдам?» кезеңдері бойынша сайысқа түсіп, өз өнерлерін көрсетті. Сайыстың кезеңдері аяқталған соң әділ қазылар алқасы, үздіктерді анықтап, арнайы марапат қағаздарын табыс етті.

ҚАРАСУДА «МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
2023 жылдың 30 қаңтар мен 7 ақпан аралығында өтетін этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған кешенді шаралар жоспарына сәйкес Қарасу ауылында №7 А.Пушкин атындағы орта мектептің мәжіліс залында «Махамбет оқулары» байқауы өтті.

Оқушылардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін ояту, қазақ тілінің көркемдік ерекшелігі мен бай сөздік қорын насихаттау, Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын жастар жүрегіне ұялату арқылы рухани танымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған шарада түрлі этнос өкілдері ақын өлеңдерін қазақ тілінде орындады.
Махамбет оқулары 4 номинация бойынша өтіп, жоғары сынып оқушылары Ұлы ақынның әнін айтып, қара өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан бақ сынасты.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес дарынымен ерекшеленген байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.