Бүгін ауданымызға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек бастаған топ жұмыс сапарымен келіп, қордайлық шаруалармен кездесу өткізді. Жиынға аудан әкімі Бегзат Болатбеков қатысты. Топ құрамыне енген ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері көктемгі дала жұмыстарына қажетті тұқым, тыңайтқыш, дизель отынын алу шаралары мен мемлекеттік қолдауларды шаруаларға толыққанды түсініктеме беріп, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жамбыл облыстық филиалының өкілдері қаржыландыру бағдарламаларын түсіндіріп, лизингіге техника алу жолдары және өзге де жаңалықтарымен бөлісті. Сонымен қатар, «AgroGreen Tehnology», «Эко-Чикен», «Евразия Group», «Экостар» серіктестіктерінің өкілдері аулада құс фермасын құру, ауыл шаруашылығы техникаларын алу, суару жүйелерін енгізу, биогомус және жеміс-жидек бағын өсіру бойынша жан-жақты ақпарат беріп, қатысушылар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді. Көктемгі дала жұмыстарына аз уақыт қалған тұста шаруаларға қолдау көрсету жиындағы басым бағыттардың бірі болды деуге де болады.
Кездесу барысында бірыңғай аграрлық саясатты жүргізу, экономикалық реформаларды тереңдету, агросектордағы егін және мал шаруашылығын дамыту бойынша түскен сұрақтар да жауапсыз қалмады.
Осы күні Жамбыл облысы әкімінің орынбасыр Қанатбек Мәджібектің, Қордай ауданы әкімі Бегзат Болатбек пен Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібековтың қатысуымен екі ауданның шаруаларына арналған арнайы көшпелі семинар да ұйымдастырылған болатын. Оған көрші ауданның ауылдық округ әкімдері мен кәсіпкерлері де қатысты.
Қатысушыларға «Eko-Chicken» құс фермасында тәжрибе алмасу семинары ұйымдастырды. «Eko-Chicken» ӨК жобалық қуаттылығы жылына 100 тонна құс етін өндіруге қауқарлы. Бұл жобаға инвестициялық салым көлемі 52 млн теңгені құраған. Аумағы 2,5 гектар болса, құрылыстың жалпы ауданы 675 шаршы метрді құрайды. Жетекшісі Талғат Сәрсенбаев қатысушыларға жалпы жұмыс барысы бойынша түсініктеме берді. Іргелі құс фермасының басшылығы дәл осы кәсіппен айналысамын деген шаруаларға қолдау білдіріп, түрлі жеңілдіктер қарастырмақ. Мәселен, жеке кәсіпкер 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алып, құс фермасына қажетті инфрақұрылымды жасап, келісімшартқа отырса, «ECO Chicken» құс фермасының өкілдері 1600 бас етті балапанды өздері жеткізіп береді. Сондай-ақ, балапандарды емдеуге, дәрі-дәрмек алуға, тамақтандыруға қажетті шығынды да өздері өтеп береді. Оған қоса, балапандар ет жинап, дайын болған кезінде өздері сатып алады. Тұтастай алғанда, шаруалардың міндеті — балапанды баптап, бағып беру ғана.
Содай-ақ, семинар қатысушылары 1000 бас қойды бордақылап отырған «Бай-Нұр» ШҚ мал бордақылау алаңында болып, қожалық қолға алға игі жұмыстармен танысып, тәжірибе алмасты. Мұндай семинар аумағы 4 гектарды алып жатқан «Greenwill» ЖШС-де жалғасын тапты.
Келесі кезекте облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек пен Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбектің, Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібековтың қатысуымен Масаншы ауылында шаруалармен арнайы жиын өткізілді. Дүнген ағайындар жыл сайын көрші ауданға барып, негізінен пияз өсірумен айналысады. Жиынға қатысушылар биыл диқандарға пиязға қосымша қант қызылшасын егу туралы ұсыныстарны айтып, ниет еткен шаруаларға көрсетілетін бірқатар жеңілдіктерді жайында түсініктеме берді.
Ж.ОМАРОВ