9 қазанда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебінде «Медиациялық қызметті жетілдіру жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шараға Қордай аудандық сотының төрағасы Ерлан Ілиясов, аудандық білім бөлімінің басшысы Ғалым Әлімжанов, білім бөлімінің әдіскері Ерлан Күнжанов, денсаулық сақтау ұйымдары мен полиция органдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру саласының қызметкерлері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарындағы медиация қызметін жетілдіру, жанжалдардың алдын алу және дауларды бейбіт жолмен шешу мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім беру ортасындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, даулы жағдайларды тиімді реттеу, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту жолдарына ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар білім беру ұйымдарында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға, жанжалдардың алдын алуға және мәселелерді өзара келісім арқылы шешу мәдениетін дамытуға ықпал етеді.