Елбасы бастаған ұлтық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бағдарламасы қабылданған, қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлық бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Қазақстан ТМД елдері арасында ең бірінші болып жемқорлыққа қарсы күрес бойынша тиісті заң шығарған мемлекет ретінде танылды.
Расында сыбайлас жемқорлық кейінгі ұрпақтардың өміріне залал келтіретінін айта кету парызымыз. Осы мақсатта сотта дөңгелек үстелдер өткізіліп, әрбір жиналыста орын алған құқық бұзушылықтар талқыланып, нәтиже шығарылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 311-бабында берілген түсініктемеде пара беру мен алудың сыр-сипаты толық ашылып көрсетілген. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өте қатаң жүргізілуі тиіс. Сонда ғана нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгісі — оның алдын алу, яғни халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырып, барлық мемлекеттік органдар мен мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын жүзеге асыруды насихаттау және азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру кеңінен жүргізілуі қажет. Мемлекеттік орган басшылары жемқорлық әрекеттерге байланысты принципін ұстанып, тәртіптік жаза болса да оның қатаң түрлерін қолдануы тиіс. Сыбайлас жемқорлық тәрізді қоғамды жайлаған «құртқа» тосқауыл қою үшін ел арасында түсінік беру жұмыстарын жиілетудің қажеттігі күннен күнге артып келеді.
Сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайларды болдырмау үшін сот қызметкерлері соттық нормаларды, мемлекеттік және еңбек тәртіптерін қатаң сақтауды және процессуалдық емес қарым-қатынастарды болдырмауды басты назарға алып, осы мақсатта жұмыс жүргізуде. Сондықтан әрбір адам өз ісін алдын-ала дұрыс жолға қойып, заң талаптарына қарсы келмейтіндей етіп жүзеге асырулары керек және лауазымды адамдарды да заңсыздыққа итермелеп апармауы тиіс. Бұл жамандық, яғни мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайластықтың орын алуы мемлекет үшін де, ел үшін де пайда келтірмейтіні анық.
Е.ҚЫДЫРӘЛІ, Қордай аудандық соты кеңсесінің кеңсе меңгерушісі