ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

0

Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімі әскери полиция бөлімшесімен 2023 жылғы ақпан айындағы негізгі іс-шаралар жоспарының талаптарын және «Құқық бұзушылықсыз армия» акциясының талаптарын орындау мақсатында Гвардейск гарнизонының әскери қалашығында және Қордай ауданы аумағында Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, әскери киімді заңсыз кию жағдайларын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Осы аталған іс-шараларды орындау барысында әскери қалашық тұрғындарына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабы «Айырым белгілері және нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ, нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану)» бойынша профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды.

Н.НУСУПОВ, Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімі әскери полиция бөлімшесінің
бастығы, подполковник

Leave A Reply

Your email address will not be published.