ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

0

Қордай ауданы әкімінің орынбасары бекіткен 2023 жылдың 20 ақпаны мен 31 наурызы аралығында тұрғын үй секторларында, автокөлік құралдарында және көпқабатты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу жоспарына сәйкес аудан аумағында өрттердің алдын алу мақсатында күшейтілген түрде профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін мәлімдейміз.
2022 жылы аудан аумағында 71 (2021 ж.- 65) өрт тіркелді. Материалдық шығыны 10 млн. 281 мың (2021 ж.- 10 млн. 450 мың) теңгені құрады. Өрттің басым бөлігінің шығу себебі өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуынан, яғни электр құралдарын және пеш құралдарын дұрыс пайдаланбағаннан. Сонымен қатар ток сымдарының қысқа тұйықталуынан, зақымдалған электр қосқыш, розеткаларды пайдаланғаннан және балаларды қараусыз қалдырғаннан.
Аудан тұрғындары назарына Төтенше жағдайлар бөлімі және Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде үйіңіздегі өрт қаупін тудыратын мәселелерді көрсетуіңізді сұраймыз. Өрт қауіптілігін байқасаңыз дереу 101 немесе 4-20-15 номеріне хабарласыңыз.
Қордай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі аудандағы барлық тұрғын үй иесі мен жалға берушілерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді. Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау арқылы үйіңізді және жақындарыңызды сақтап қаласыз.

Қ.ИМАНКУЛОВ, төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.