Кез келген ел үшін діни экстремизмнің ең қауіп¬ті түрі – діни ұранды бүр-кемелеп ұлттар және діндер арасына от қойып, шағыстыру. Оның арты үлкен қақтығыстарға әкеледі. Діни экстремизмнің негізгі мақсаты – өз дінінің басқа діни конфессияларға басым екенін мәжбүрлі түрде мойындату. Одан қала берді, халыққа өз діндеріне сай құқықтық нормаларды жасап, бөлек мемлекет құру. Діни экстремизм – діни фана-тизмнің шектен шыққан түрі. Кез келген экстремизмнің мәні – олардың пікірлеріне қосылмаған¬дарға зорлық-зомбылық көрсету. Діни экстремизм әлемді өздерінің шектен шыққан көзқарасы мен діни фанаттық идеологиясына сәйкес қайта құруға тырысады. Діни экстремизм – терроризмнің ең соңғы сатысы. Біз өмір сүріп отырған әлемде діни экстремизм қанатын кеңге жайып, халықара¬лық деңгейге жеткен. Дәл қазіргі уақытта халықаралық экстремизм және терроризммен тиімді күресу үшін әлемдік қоғамдастықты бірігіп күшейту қажет. Әлем¬дегі кез келген мемлекет бұл кесапатқа қар¬сы күресті жеке өзі жүргізуі өте қиын. Осыған бай¬ла¬нысты 2006 жыл¬ғы 8 қыр¬күйек¬те БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ға-лам¬дық террормен күрес» стра¬тегиясын қабылдады. Бұл құжат¬та БҰҰ-ға мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық пішінін бір жақты айып¬тайды және осыған қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге дайын екендігін көрсетеді. Елімізде «Экстремизмге қар¬сы іс-қимыл туралы» Заң қабыл¬дан¬ды. Осы заңның 10-бабы «Қазақ¬стан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттер¬дің органдарымен және халықар¬а¬лық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анық¬тау және жолын кесу сала¬сын¬дағы өзара іс-қимылы» деп ата¬лады. Осы бап жоғарыда аталған БҰҰ-ның «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясына сәйкес еді. Демек, еліміз аталған стратегиядан бір жыл бұрын қабыл¬данған заңы арқылы экстремизм мен терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресуге әбден дайын.
Үлкен Сұлутөр ауылдық округі әкімі аппараты