МАСАНЧИ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМДІГІНЕ ҮМІТКЕР МАДИ НҰРЛАННЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

ӨМІРБАЯН
Мен, Мади Нурлан, Қырғыз ССР, Талас қаласында 1982 жылы дүниеге келдім. 1999 жылы Алматы қаласының №98 мектебін бітіріп, жоғарғы әскери училищеге түстім. Еңбек жолымды 2003 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінде бастадым. Сол жерде 15 жылдан астам қызмет атқарған соң, 2019 жылы Қордай ауданы әкімі аппаратына мемлекеттік қызметке ауысып, осы уақытқа дейін бас инспектор болып жұмыс істеймін.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Ауыл тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас жасау олардың күнделікті қандай қиындықтарға тап болатынын түсінуге мүмкіндік берді. Нашар жолдар, ауыз су, интернет байланысы және жайылым мәселелері – мұның бәрі көпшілікке таныс.
Бүгін мен осы мәселелерді қалай шешуге және ауылдағы өмірді қалай жақсартуға болатынын нақты білемін! Мен мұны тек сіздердің қолдауларыңызбен ғана жасай аламын!
Егер мен Масанчи ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланған жағдайда, ауылдың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласа отырып, қоғамдық тәртіптің орнығуына үлес қосу мақсатында келесі шаралардың іске асырылуына атсалысатын боламын:
— округтегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыстарды жандандырамын;
— 2023 жылы интернет жылдамдығын арттырамын;
— 2023-2025 жылдары аралығында шағын бизнес ашуға қолдау көрсетемін;
— 2023-2025 жылдары аралығында жолдарды жөндеу, жол белгілерін орнату, жұмыс орындарын құру, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге бар күшімді саламын.
— 2023-2025 жылдары аралығында әлеуметтік саланы дамытуға;
— 2023-2025 жылдары аралығында инфрақұрылымды дамытуға ықпал етемін.
Қорыта айтқанда, мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыта отырып, келешекте одан ары көркейіп гүлденуіне барынша өз үлесімді қосамын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.