МАМЫР АЙЫНЫҢ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ САҚТАНЫҢЫЗДАР!

0

Кенеден қорғану жолдары:
Табиғатқа, далаға және жайылымдарға шыққанда дененің ашық жерлерін барынша жауып киіну керек, жабық аяқ киім кию қажет. Киім ашық түсті және бір түсті болғаны дұрыс, өйткені ондай киімдерде кенелер жақсы көрінеді.
Кене шаққан немесе денеден табылған жағдайда жедел түрде медициналық мекемеге қайырылу қажет!
Тамақтан улану және оның алдын алу
Азық-түлікпен улану немесе тамақтан улану-сапасыз өнімдерді пайдаланудан болатын ауыр жағдай. Тамақтан улануға мерзімі өткен сүт өнімдері, ет өнімдері (гриль, шашлык т.б.) нитраттары көп тағам өнімдері, жабық консервілер-бірден-бір себеп. Тамақтан улану кезінде іш ауырады, жүрек айнуы, құсу, іш өту, денедегі әлсіздік болады. Және де белгісіз құрамды етпен дайындалған фаст-фуд тағамдары, салаттар, бәліштер, шаурма микроорганизмдердің ортасы саналады. Тамақ токсикоинфекциясы, яғни тағамнан улану микроорганизмдері, олар-стрептококтар, ботулизм бактериялары, шигеллалар, сальмонеллалар. Тамақтан улануды болдырмау үшін тамақтану гигиенасының, тағамды сақтау мен дайындаудың қарапайым ережелерін сақтау керек.
Мереке күндері алаңда, демалыс саябақта бейберекет санитарлық тазалықты сақтамай белгіленбеген жерлерде қолдан сатылып жатқан тағамдар мен жеміс-жидектерді алмауға кеңес береміз.

Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.