САСЫҚ СУДЫҢ САМАЛЫ

0

Қордай ауылы маңында Шекара бойынша басқарманың Қордай аудандық бөлімінің қалашығы бой көтергеніне біраз жыл болып қалды.

Бір өзінде бірнеше көп қабатты тұрғын үйлер, жатақханалары, моншасы, жалпы өмір сүруге қолайлының барлығы жасалған қалашықта қазір мыңдаған әскерилер мен олардың отбасы тұрады. Құрылысшылар қалашықты салғанда барлығын ескергенімен, кәріз суын қайда жіберу жайын ойластырмаған ау, егер ойластырған болса да ол жұмыс істемейді. Содан болар қалашықтан шыққан кәріз суы сол маңдағы жыраға ағып, жол астынан трубамен өтіп, Қордай ауылының «Самал» ықшам ауданының тіке желкесінен шығып жатыр. Сол жердегі каналға барып қосылуда. Соның арқасында «Самалда» кәріз суының самалы аңқып тұр. Бұл мәселені бірнеше мәрте аудандық газет, жергілікті тұрғындар көтергенімен «әу» деген жауап болмай келеді. Жақында бұл жай жергілікті депутаттарға да жетті. Олар да өз тараптарынан шара қолданбақ. Алайда, күндіз-түні тоқтамай ағып жатқан сасық су адамдарға, қоршаған ортаға қаншама зардабын тигізіп отырғаны белгісіз. Отан шебін қорғайтын шекарашылар қоршаған ортаны қорғауға келгенде құлықсыз болып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.