Ортақ міндет

0

Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандардың еңбегі қатаң реттеледі. Балаларды ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарға тартуға, сондай-ақ олардың денсаулығы мен дамуына кері әсер ететін қызмет түрлеріне жол берілмейді.

Әрбір жұмыс беруші мен ата-ана бала құқықтарының сақталуына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың білім алуына, демалуына және жан-жақты дамуына жағдай жасау – ортақ міндет. Заң талаптарын сақтау арқылы өскелең ұрпақтың жарқын болашағын бірге қалыптастырайық!

Leave A Reply

Your email address will not be published.