Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі қазақстандық отбасын нығайтуға және дамытуға арналған базалық жағдайларды жасауға бағытталған жаңа әлеуметтік саясатты құруға негіз болады.
Әлеуметтік кодекстің қабылдануы бүгінгі күнге қолданылып жүрген 17 Заңның күшінің жойылуына әкеледі. Мысалы, егер қазір мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері 5 заңмен реттелетін болса, келешекте ол бір ғана Әлеуметтік кодексте болады.
Баяндау тәртібі әр адамның туғаннан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейінгі өмір жолының кезеңдеріне сәйкес, барлық адамда бірдей бола бермейтін қажеттіліктерден туындауы мүмкін шараларды (өмірлік қиын жағдайдағы адамдар үшін әлеуметтік кепілдіктер) көрсете отырып құрылған.
ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында келесі бағыттар бойынша бірқатар шаралар қарастырылған:
1. Отбасының цифрлық картасын енгізу;
2. Жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдер;
3. Жаңа көші-қон саясаты;
4. Балалы отбасыларды қолдау шаралары;
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту;
6. Зейнетақы төлемдерін арттыру.
Сонымен қатар, Әлеуметтік кодекс қазіргі кездегі әлеуметтік қолдаудың барлық әлеуметтік кепілдіктері мен нысандарының сақталуын, оның ішінде азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен және Мемлекетті кәлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – Қор) төлемдермен қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік кодекс шеңберінде Қордан әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлері өзгеріссіз сақталады. Сонымен бірге, Әлеуметтік кодекстің жобасында:
— жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды жетектеп жүруге қызмет көрсететін 30 мыңға жуық жеке көмекшіні міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту. Бұл дегеніміз, әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде жеке көмекшінің Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқығы болады, сақтандыру пакеті шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы үшін еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы төлеміне құқығы болады.
Әлеуметтік кодексті қабылдау: азаматтардың өздерінің әлеуметтік құқықтары мен міндеттері туралы бірыңғай білім көзін құруға; халықтың әлеуметтік әл-ауқатына автоматтандырылған мониторинг жүргізуге; әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын қабылдауға; электрондық және проактивті форматта мемлекеттік қызметтер көрсетуге; азаматтарымыздың әлеуметтік қорғалуы мен өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2005 жылдан бастап енгізілді, ол еңбекке қабілеттіліктен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі бойынша сақтандыруды көздейді.
Осы мақсатта төлеушілер (жұмыс берушілер) өз қызметкерлері үшін Қорға ай сайын 3,5% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар аударады.
Әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда жүйенің қатысушысына (ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар төленген), ал ол қайтыс болған жағдайда оның асырауындағыларға Қордан әлеуметтік төлем төлеуге кепілдік беріледі. Бұл жұмыс істейтін азаматтар үшін республикалық бюджеттен базалық әлеуметтік қамсыздандыруға қосымша әлеуметтік қорғау деңгейі.
Қазіргі уақытта Республика бойынша жүйемен 6,8 миллионнан аса адам қамтылған. 2022 жылы шамамен 1,2 млн. адам әлеуметтік төлемдер алды.
Әлеуметтік төлемдердің мөлшері жүйеге қатысушының әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысына және жүйеге қатысу өтіліне байланысты болады.
1. Қордан еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем мүгедектігі бойынша республикалық бюджет есебінен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін 30% — дан 100% — ға дейін белгілеген күннен бастап оның бүкіл кезеңіне еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан төлем жасау құқығы туындайды.
Әлеуметтік төлемнің мөлшері жүйеге қатысушының соңғы 2 жылдағы әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысына, сондай-ақ еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесінің, жүйеге қатысу өтілінің және табысты алмастыру коэффициенттеріне (60% немесе 0,6) байланысты болады.
2022 жылы Қордан аталған төлемді Жамбыл облысы бойынша шамамен 1,2 млрд. теңге сомасына 5 мың адам, 2023 жылдың 1-тоқсанында 339 млн. теңге сомасына 4,5 мың адам алды. Тағайындалған төлемдердің орташа мөлшері 36320 теңгені құрады.
2023 жылғы 1-шілдеден бастап мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақылар мен төлемдер 14,5% — ға арттырылады және бұл төлемдердің 2023 жылдың 1-қаңтарынан 8,5% — ға өсуін ескере отырып, жәрдемақылар мен төлемдердің жылдық мәндегі өсуі 23% — құрайды.
Бұл мүгедектігі бойынша республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың шамамен 35 мың алушысына және Қордан еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемнің 5мыңға жуық алушысына қатысты болады.
2. Қордан асыраушысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем асыраушысынан айырылу бойынша республикалық бюджет есебінен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады.
Төлемге құқық қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауындағы отбасы мүшелеріне асыраушы қайтыс болған күннен бастап туындайды. Төлем асырауындағы адам 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша оқуды жалғастырған жағдайда 23 жасқа дейін жүзеге асырылады.
Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жыл ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген қайтыс болған асыраушының табысына, сондай-ақ табысты ауыстыру коэффициенттеріне (60% немесе 0,6),асырауындағы адамдардың санына және жүйеге қатысу өтіліне байланысты болады.
2022 жылы Жамбыл облысы бойынша Қордан асыраушысынан айырылу жағдайына948млн. теңге сомаға2,8 мыңға жуық асыраушысынан айырылған отбасы, 2023 жылдың 1-тоқсанында 273 млн. теңге сомаға 2,7 мың отбасы әлеуметтік төлем алды. Тағайындалған төлемдердің орташа мөлшері 34 277 теңгені құрады.
2023 жылғы 1-шілдеден бастап асыраушысынан айырылған отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен төлемдер 14,5% — ға артады, бұл төлемдердің2023 жылдың 1- қаңтарынан 8,5% — ға өсуін ескере отырып, жәрдемақылар мен төлемдердің жылдық мәндегі өсуі 23% — құрайды.
Бұл асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын, республикалық бюджеттен төленетін 13,4 мыңға жуық отбасына және Қордан асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алатын 2,8 мыңға жуық отбасына қатысты болады.
Әлеуметтік тәуекел туындаған кезде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы, оның ішінде оның отбасы мүшелері, асыраушы қайтыс болған жағдайда базалық жәрдемақылар мен Қордан төлемдер алатынын ескерсек, оның әлеуметтік қорғалуы жұмыс істемейтін адамға қарағанда жоғары болады.
3. Қордан жұмысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысы халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаға сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап тағайындалады.
Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жыл ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген жүйеге қатысушының табысына, жүйеге қатысу өтіліне және табысты ауыстыру коэффициентіне (45% немесе 0,45) байланысты болады.
Мемлекет Басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап табысты ауыстыру коэффициенті 40% — дан 45% — ға дейін арттырылды. Осыған байланысты 2023 жылғы 1 қаңтарға 1,7 мыңға жуық алушыға жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемді біржолғы қайта есептеу жүзеге асырылды, бұл орташа төлем мөлшерінің орта есеппен 13% — ға өсуіне әкелді.
Төлем жүйеге қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін жүзеге асырылады.
2022 жылы Жамбыл облысы бойынша Қордан 842,6 млн. теңге сомаға 5,5 мыңға жуық адам, 2023 жылдың 1-тоқсанында 408,7 млн. теңге сомаға 3,3 мың адам төлем алды. Тағайындалған төлемдердің орташа мөлшері 41 215 теңгені құрады.
4. Жүктілікке және босануға байланысты және жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына Қордан төленетін әлеуметтік төлем еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген жүктілігі және босануы бойынша демалыс күнінен бастап тағайындалады. Төлем еңбекке уақытша жарамсыздық парағының барлық кезеңіне жүзеге асырылады.
Біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.
2022 жылы көрсетілген төлем 12 млрд. теңге сомаға шамамен 15,1 мың алушығажәне 2023 жылдың 1-тоқсанында 4,6 млрд. теңге сомаға4,8 мың адамғатөленді. Тағайындалған төлемдердің орташа мөлшері 1 089996 теңгені құрады.
5.Қордан бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем бала туған күннен бастап бала күтімін іс жүзінде жүзеге асыратын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына тағайындалады.
Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жыл ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген жүйеге қатысушының табысына және кірісті ауыстыру коэффициентіне (40% немесе 0,4) байланысты болады.
2022 жылы Қордан төленетін осы төлем 42 мың адамға және 2023 жылдың 1-тоқсанында 21,7 мыңнан аса адамға тағайындалды. Аталған төлемге 2022 жылы 10,7 млрд. теңге және ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 3,3 млрд. теңге бағытталды. Тағайындалған төлемдердің орташа мөлшері 59854 теңгені құрады.
Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру аясында2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі жағдайына әлеуметтік төлемді тағайындау кезеңі 1 жастан 1,5 жасқа дейінарттырылды. Осыған байланысты 2023 жылғы 1 қаңтарға осы төлемді 19,3 мың алушыға тағайындау мерзімі автоматты түрде ұзартылды.
А.ДАРИБАЕВА, Қордай аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы