ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

0

ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ШЕШІМІ

2023 жылы «17» мамыр №10

Қордай ауданының Қордай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылғы 25 маусымға Қордай ауданының Қордай ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
2. 2023 жылғы 25 маусымға тағайындалған Қордай ауданының Қордай ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет бетінде және «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.

Комиссия төрағасы А.СЫРЛЫБАЕВ

Комиссия хатшысы Г.АБИШЕВА

ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ШЕШІМІ

2023 жылы «17» маусым №11

Қордай ауданының Қордай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қордай ауданының Қордай ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру:
1) Қордай ауылдық округі әкімі – Қордай ауылдық округі шекарасындағы Қордай сайлау округі.
2. Сайлау округінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет бетінде және «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.

Комиссия төрағасы А.СЫРЛЫБАЕВ

Комиссия хатшысы Г.АБИШЕВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.