ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумға қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар форумға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысты, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнебайланыс режимінде сөз сөйледі.
«Расында да, біз 2020 жылы Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын қабылдадық. Негізінен бұл не істелгенін және не болатынын бағамдау болды, мақсаттар мен міндеттерді өзектендірудің бір түрі десек болады. Әрине, ЕАЭО-ның орасан зор географиялық ауқымын назарға ала отырып, инфрақұрылымдық байланысты дамыту аса маңызды басымдықтардың бірі болды және бола береді де», — деді Президент.
Оның айтуынша, мұнда бірден екі деңгейде: одақішілік – көлік және коммуникация саласындағы қатысушы елдердің интеграция желісі бойынша және халықаралық – көлік және логистика саласындағы үшінші елдермен ынтымақтастықты дамыту және халықаралық күн тәртібін іске асыру шеңберінде жұмыс жүргізіледі.
«Кез келген істі қолға алғанда әрдайым қазіргі проблемаларды ғана шешіп қоймай, келешектегі жұмысты да жоспарлау керек екені сөзсіз. Сондай-ақ айналадағы жағдайдың өзгеруіне байсалды қарау керек. Мұның бәрінің берік негізі болуға тиіс. Іргетасы неғұрлым мығым болса, соғұрлым мықты әрі ұзаққа төзімді ғимарат салуға болады. Ал біздің Одақтың іргетасы не? Одақ туралы келісімді толыққанды жүзеге асыру негізгі мәселе және солай бола береді.
Яғни, «төрт еркіндік» және инфрақұрылымға тең дәрежеде қол жеткізу, әділ бәсеке, тең құқық және ұлттық мүддені ескеру секілді негізгі қағидаттар мүлтіксіз сақталуы керек», деді Президент.

www.akorda.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.