БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ЖОЛ КАРТАСЫНА СӘЙКЕС 4G ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

0

Жамбыл облысында 2025 жылдың соңына дейін облыстағы елді мекендер 100 пайыз 4G интернетпен қамтылатын болады. Бұл жұмыстар ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен облыс әкімдігі арасында 2023-2027 жылдарға арналып бекітіліген Жол картасы аясында жүзеге асады.
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында осыған айрықша басымдық берді.
— Аталған жол картасына сәйкес, 2027 жылға дейін 165 елді мекенде мобильді интернет желісінің сапасын 4G–ге арттыру, 28 елді мекенді электр желілері мен антенна-діңгек құрылысымен, 155 елді мекендегі мемлекеттік мекемелер талшықты-оптикалық байланыс желісімен, республикалық және облыстық маңыздағы жолдарды цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету сияқты міндеттер тұр,-деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес өңірде халықпен кері байланыс жүйелі жолға қойылғандығы да айтылды.
Осы орайда облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарларының, облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлерінің аудандар мен елді мекендерге шығу кестесі бекітіліп, арнайы алгоритмі әзірленген.
— Азаматтардың өтініштерін сапалы әрі мерзімінде қарау мақсатында облыс әкімдігінде арнайы топ құрдық.
Ауылдық округ әкімдеріне әр отбасына кіріп, олардың әлеуметтік мәселелерін қарау, туындаған мәселесін жергілікті жерде шешу жөніндегі міндеттер жүктелген.
Айталық, жыл басынан бері түрлі деңгейдегі әкімдермен 610 кездесу өтіп, 1000-ға жуық азамат қабылдауда болса, онда 314 азаматтың мәселесі оң шешімін тапты.
Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органның басшылық құрамына бір айда бір тұрғынның мәселесін шешу жөнінде міндет жүктеліп отыр,-деді Нұржан Нұржігітов.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 3 АУДАНАРАЛЫЌ АУРУХАНА АШЫЛАДЫ
Жамбыл облысында халықты сапалы медициналық қызметпен қамту мақсатында 3 ауданда орталық ауруханалар құрылысы мен 3 ауданда көпбейінді ауданаралық ауруханаларды қайта жаңғырту жобаларының құжаттары әзірленуде. Облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейін төмендету мақсатында 3,3 млрд. теңгеге 20 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы шеңберінде 1,7 млрд. теңгеге 10 денсаулық сақтау нысанының құрылысын жүргізуді және 1,5 млрд. теңгеге 10 нысанды күрделі жөндеуден өткізу көзделген.
Осы жұмыстардың нәтижесінде, денсаулық сақтау ұйымдарының тозуы – 52,4 пайыздан 36,7 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде.
— Қазіргі таңда саланың медициналық техникамен жабдықталу деңгейі 91,9 пайызды құрайды.
Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 2,4 млрд. теңгеге қажетті медициналық құралдар алып, жабдықталу деңгейін 96,6 пайызға жеткізетін боламыз.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес «Үздік тәжірибе орталығы» пилоттық жобасы облыстағы 5 денсаулық сақтау нысанында жүзеге асып, оң нәтиже көрсетуде. Ағымдағы жылы осы жоба Қордай аудандық орталық ауруханасында және Шу қалалық емханасында да жүзеге асатын болады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, бұл пилоттық жоба барлық өңірлерге енгізілуде,-деді Нұржан Нұржігітов.
Сонымен қатар халықты сапалы медициналық қызметпен қамту мақсатында облыстағы Байзақ, Қордай, Жуалы орталық ауруханалар құрылысы мен Меркі, Шу, Талас көпбейінді ауданаралық ауруханаларды қайта жаңғырту жобаларының құжаттары әзірленуде.
Бұдан бөлек, аймақ басшысы ағымдағы жылы спорт саласына жергілікті бюджеттен 13,3 млрд. теңге қаржы бөлінгенін жеткізді.
Қазіргі таңда облыс көлемінде 23 спорт нысанының құрылысы жүруде десек, жыл соңына дейін оның 16-сы қолданысқа берілмек.
— Жоспар бойынша 2025 жылға дейін 129 елді мекенде заманауи спорт алаңшасын, ал, 2027 жылға дейін барлығы 59 спорт нысанын соғу межесін белгілеп отырмыз.
Бұл саладағы айрықша жетістік ретінде – жу ғана Өзбекстан Республикасында өткен байрақты бәсеке – бокстан әлем чемпионатында қос бірдей жерлесіміздің топ жарғанын мақтанышпен айтқым келеді. Әсіресе, 1999 жылы Америка Құрама Штаттарында өткен әлем чемпионатынан кейін араға 24 жыл салып Асланбек Шымбергеновтың алтыннан алқа тағынуы жамбыл боксының мерейін үстем етті,-деді облыс әкімі.

ТАРАЗ – ЕЛІМІЗДЕ АЛЄАШЌЫ БОЛЫП ДЇНИЕЖЇЗІЛІК ЌОЛҐНЕРШІЛЕР ЌАЛАСЫ ТІЗІМІНЕ ЕНДІ
Жамбыл облысында ағымдағы жылы мәдениет саласына 11,9 млрд. теңге бөлініп, 14 нысанның құрылысы және 4 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде жыл қорытындысымен халықтың мәдени инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі 84,8 пайызға жететін болады.
Сонымен қатар, облыс аудандарындағы мәдениет үйлеріне қазіргі таңда қосымша 94 штат беріліп, 143 үйірме ашылды.
Жалпы, 2027 жылға қарай облыстағы 34 елді мекенге мәдениет үйін салып, өңірдегі мәдениет нысандарының қажеттілігін 100 пайызға жеткізу көзделуде.
Облыс әкімі жастар саясатының жүзеге асу барысына тоқталып, ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында өңірдегі 10022 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылса, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 344 жас 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алғанын жеткізді.
— Кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін 347 жасқа 1 миллиард 735 миллион теңге жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыздық шағын несие берілуде. Қазіргі таңда жалпы 616,1 миллион теңгеге 134 жоба мақұлданған. Сонымен қатар, «Жасыл ел» еңбек жасағына 136,2 миллион теңге бөлініп, 1900 жұмыссыз, уақытша бос жүрген NEET санатындағы жастарды маусымдық жұмыстарға тарту көзделуде,-деді Нұржан Нұржігітов.
Жамбыл өңірінің бір ерекшелігі ретінде – ЮНЕСКО-ның тізіміне енген тарихи орындары көп, табиғаты бай аймақ екендігін атап өткен облыс басшысы облыстың туризм саласына да тоқталып өтті.
Айта кетейік, өткен жылы Тараз қаласы дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне еніп, Қазақстанның алғашқы қолөнершілер қаласы статусына ие болған болатын.
Қазіргі таңда өңірдің туризм саласында 7,4 млрд.теңгеге 6 инвестициялық жоба іске асырылуда. Ағымдағы жылы 1,2 млрд. теңгеге «Алмалы» демалыс орталығы және «Koksai resort» демалыс аймақтары іске қосылды.
Аймақ басшысы өз сөзінде облыс орталығы – Тараз қаласында атқарылып жатқан жұмыстарды қысқаша баяндады.
-Біз имидждік жобалардан бас тартып, бар күшімізді әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсап отырмыз.
Бүгінде қаладағы 2 көшені қайта жаңғырту, 118 көшені орташа жөндеуден өткізу, қаланың барлық ирригация жүйелерін қалпына келтіру, 7 тұрғын алқапта ауыз су құбырының құрылысы және 2 темір жол өткелін салуға сметалық құжаттар әзірлеу сияқты ауқымды жобалар іске асуда,-деді Нұржан Нұржігітов.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.