Гвардейск гарнизонында 63302 әскери бөлімінің жеке құрамымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу іс-шарасы өтті.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыруды, сонымен қатар, адамдар қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жұмысына кедергі келтіретін заңсыз әрекеттердің жолын кесу қажеттігін тапсырған болатын.
63302 әскери бөлімінің командирі, медициналық қызметкері подполковник Иса Альназаров және Гвардейск гарнизонының әскери полиция бөлімінің анықтау және іздестіру бөлімшесінің аға офицер өкілі әділет капитаны Асылбек Абдраманов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша отырысын өткізді.
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланып, талдау жасалды. Оқиғалар туралы, сондай-ақ олардың істері үшін жазалау туралы мақалалар айтылды.
Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама нормалары жеткізілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты азайту және оны әскери ортада жою бойынша жұмысты жандандыру үшін нақты міндеттер қойылды. Мұнда әрбір әскери қызметшінің жеке тәртібі мен жауапкершілігі басты рөл атқаруы тиіс.
Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, әдеп нормалары қабылданып, қолданылғанын, аттестаттау комиссияларының қызметі ұйымдастырылғанын, олар сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары лауазымдарға тағайындау кезінде кандидатураларды қарайды.
Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі