ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ

0

Адам қолынан бәрі келеді. Мұнымен келіспеске болмас. Адам еңбегінің арқасында шөл далада бүтін бір қалалар пайда болуда.

Осындай таңғажайып орынның бірін жуырда Қордай ауданында тауып алған едік. Жылқы өсіретін «Нұрсан» шағын шаруа қожалығы тау арасындағы шағын аумақты нағыз бақшаға айналдырды. Алма бағы жергілікті жердің көркін аша түскендей. Ғажайып бау-бақша Қарасу ауылдық округінің әсем пейзажымен тамаша үйлесіп тұр.

ШҚ басшысы Мұратхан Әбітайдың айтуынша, бұл бастама бос жатқан аумақты мейлінше тиімді пайдалану қажет деген ойдан туындаған. Көп ойланбастан мұнда бақша өсіруді шешті. Мәселені жан-жақты қарастырды. Ойлана келе, америкалық «Голден делишес», ресейлік «Пепин шафранный», қазақтың жаздық «Салтанат» алма және қазақтың «Талғар аруы» алмұрт көшеттерін таңдады. Айтпақшы, «Пепин шафранный»  алма сортын атақты Иван Мичурин осыдан жүз жыл бұрын Тамбов губерниясының Мичуринск қаласында өсіріп шығарған екен. Селекционер «Ренет Орлеанского» және литвалық «Пепинка» мен қытай алмасының гибридін будандастыру арқылы жаңа алма сортын шығарған еді.

Бүгінде бақшада 500-ге тарта ағаш өсіп тұр. Өнім мол шыққан жылдары 3000 тоннаға дейін алма және алмұрт жинап алады. Алынған өнімді жергілікті базарларға өткізеді. Алма бағы осылайша өз жемісін беруде.

Бақша аумағын күтіп-баптау – өте маңызды. Бұл жерде өз қолыңмен осыншама тамаша бақша өсіруге болатындығына көз жеткізе аласың. Сәндік ағаштар, шыршалар, жасыл шалғындар — мұның бәрі керемет атмосфера береді. Әсіресе, жасыл желек ортасында орын алған шағын тоған ерекше  сезім сыйлайды. Басқарушының айтуынша, тоған ағаштарды суару үшін жасалған екен. Қайткенмен де, бұл тоған табиғат әсемдігіне сән қосып тұрғаны рас. Алма ағаштары мұқият күтімді қажет етеді. Ерте көктемнен қыстың аяғына дейін мұнда жұмыс жетерлік. Шаруашылықта әр жұмысшыға жауапты учаскесі бекітілген. Жануарларға күтім жасау да жақсы дайындықты қажет етеді, өйткені мұнда жылқы баптайды. Келешекте сәйгүліктер талай бәйгеден жүлделі келетініне сенеді. Демек, қатаң кесте бойынша баптау керек.

Абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс аяқталған соң, бұл жерді мейлінше тиімді пайдалану жайлы ой келді. Осылайша демалуға қолайлы орын пайда болды. Бірлесіп отбасымен демалатын ықшам беседка орнатты.  Және бұл бастамасы ғана еді. Жанынан ас үй плитасын алмастыратын каминді жабдықтады.

Мұнда шәй ішіп, табиғаттың әсемдігін тамашалауға, достарыңызбен әңгімелесуге болады.

Бір сөзбен айтқанда, мұнда бос жатқан жер жоқ, оның әр бөлігі ел игілігі үшін тиімді пайдаланылуда.

Шолпан Сабанова

Leave A Reply

Your email address will not be published.