Лагерь жазы көңілді

0

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы  Қордай  ауданының  білім  бөліміне қарасты №1 Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығында балалалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында «Балдырған» жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылды.

Мұндағы мақсат – оқушылардың демалысын тиімді пайдалануына қажетті жағдайларды жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың денсаулықтарын нығайтуға, шығармашылық еңбегіне, өздерінің жеке қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, бос уақыты қызықты, әсерлі өтуін ұйымдастыру. Осыған орай «Балдырған» жазғы сауықтыру лагері жаз уақытында балаларды демалыспен қамтуға байланысты тәрбиелік іс-шаралар мен   спорттық бағдарламаларды  іске асыруда..

Ұйымдастырушы-педагог Шенгелбай Сәнияның  әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды жоспарлауымен, үйірме педагогтары Т.Қуатова, Б.Архабай, С.Жұмабек, А.Елібаев сынды педагогтар  балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсауда. Әуезді ән салып, би билеп, шат-шадыман  болған балалар әртүрлі іс-шаралар мен спорттық ойындарға қатысуда. Күн сайын жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар жасалып, лагерь демалушыларына әртүрлі ойындар ойнатылып, көптеген жарыстар, тақырып бойынша тапқырлық, сөзжұмбақ сайыстары ұйымдастырылып тұрды. Бір мезгіл балдырғандар сурет салып, өлең жаттап, ән салды. Жеңімпаздарға сыйлықтар мен мадақтамалар берілді. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алады.

 А.СӘдІбекова, №1 БЖШО директорының

                         оқу-тәрбие  жөніндегі орынбасары, Кенен ауылы

Leave A Reply

Your email address will not be published.