ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

0

Жақында Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, бірнеше сұрақ күн тәртібіне шығарылды. Соларға жекелей тоқталып өтсек.

Аудандық Қоғамдық кеңес құрамынан шыққан мүшелерінің өкілеттіктерінің қалған мерзіміне жаңа мүшелер қабылдау туралы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы»  Заңының талаптарына сәйкес  конкурс өткізілген болатын. Соның нәтижесінде азаматтық қоғамнан К.Ағыбаева және Ә.Жомарт қоғамдық кеңестің жаңа мүшелері болып қабылданды.

Келесі кезекте кеңес мүшелері азық-түлік тауарларының бағасын  тұрақтандыру бойынша атқарылған  жұмыстарды зерделеудің нәтижесін қарады. Одан соң, ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының  сапасы  туралы мәселелер қаралып, жауапты мамандардың есебі тыңдалып, ұсыныстар айтылды.

Отырыста қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды

Leave A Reply

Your email address will not be published.