МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАНЫ ЗАҢСЫЗ КЕСІП ӨТУ – ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА

0

Қордай ауданы Қырғыз Республикасымен шекаралас аймақ болғандықтан аудан аумағында шекараны заңсыз кесіп өту қылмысы белең алған.

 

ҚР-ның Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту Қылмыстық кодекстің 392-бабы 1-бөлігі бойынша шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып, бір мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, сотпен 2021 жылы – 26 тұлға (оның 20 шетел азаматы), 2022 жылы – 16 тұлға (13 шетел азаматы), 2023 жылдың 6 айында – 6 тұлға (3 шетел азаматы) сотты болған.

Бұл қылмысты жасаған шетел азаматтарының басым көпшілігі Қазақстан Республикасының аумағында болу талаптарын бұзып, әкімшілік жолмен елден тысқары шығарылып жіберілгендер.

Ал отандастарымызға банктен алған несиелерін уақытылы өтемеуіне байланысты жеке сот орындаушылармен мемлекеттен шығуға тыйым салынады.

Осыған байланысты, құқық бұзушылар шетелге шығудың заңды жолын таппаған соң әртүрлі тәсілдермен шекараны заңсыз кесіп өтудің жолын іздеп, қылмысқа баруды дұрыс көреді.

Осыған орай, шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық жауапкершілік Қазақстан азаматтарына және шетел азаматтарына да көзделгенін естен шығармаған жөн.

Leave A Reply

Your email address will not be published.