Қазір еліміз бойынша мектеп бітіру кештері өтуде. Түлектер үшін бұл толқынысқа толы, ерекше сәттердің бірі. Өйткені, олар балалық шақпен, мектептегі достарымен қоштасып, ересек өмірге аттанады.
Әнмен әрленіп, бимен көмкерілген салтанатты шараларда қауіпсіздік мәселелерін ұмытпаған жөн. Осы мақсатта аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшелері және Қордай ауданының білім бөлімі қызметкерлері 2023 жылдың 20-30 маусым аралығында мектеп бітіру кештерін өткізу кезеңінде жүргізілетін түнгі кезекшілік кестесін бекітіп, кестеге сәйкес жұмыстарын жүргізуде.
Рейд жұмыстарының алғашқы күні 23 маусымда басталып, топ мүшелері аудан орталығындағы барлық қоғамдық орындар мен мейрамханаларды аралады. Тәртіп сақшылары келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында ұстаздармен, мектеп бітіруші түлектермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, негізгі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірді.