ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

0

Елімізде алаяқтықтардың құрбаны болған адамдар көп. Олардың басты себебі, азаматтардың цифрлық сауаттылығының өте төмен болуында. Негізінен, алаяқтардың құрбаны — үлкен жастағы қариялар мен сауаты төмен адамдар.

Ал, осындай интернет алаяқтықтардан қалай сақтанамыз?

Бұл туралы мамандар төмендегідей кеңестерді ұсынады:

— Алдымен ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару немесе несиені рәсімдеу туралы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдардың телефон арқылы нұсқаулықтарына құлақ түрмеу қажет. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейтінін есте сақтаңыздар!

— өздерін банк, полиция қызметкерлері ретінде таныстырған адамдарға дербес деректерді, пластикалық карталардың деректемелерін, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен құпия сөздерді хабарламаңыз;

— белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа желі көздері арқылы жеке деректерді бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін ғана төлем туралы келісуге тырысыңыз;

— күмәнді шарттар бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз, айқын табыс көзінсіз қаржы схемаларынан сақ болуға тиіссіз;

— қосымшаларды орнату үшін тек ресми Aп стор (App store), Плэй маркет (Play market) көздерін пайдаланыңыз;

— Белгісіз адамдардан келіп түскен сілтеме бойынша өтпеуге тиіс. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік болып табылатын сілтеме бойынша өтуді ұсынады;

— банкинг қызметіне қол жеткізу құпия сөздерін жиі өзгертіп отырыңыз, 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;

— өз шоттарыңыздағы ақша қозғалысын жиі тексеріп тұру қажет.

Сондай-ақ, осындай алаяқтар хабарласқан жағдайда ресми өкілдіктерден сұрау жүргізіп, хабарласқан нөмірдің қызметкерлер базасында тіркелгені туралы ақпарат алуға болады.

Интернет алаяқтықпен айналысқан адам Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес 4 жылға дейін, ал қылмыстық топ құрамы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.