12 шілде күні аудандық мәслихаттың сессиясы өтіп, оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов жүргізді. Сессия жұмысына, депутаттардан бөлек, аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық Қоғамдық кеңес төрайымы Баян Қарамолдаева қатысты.
«Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №33-3 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» мәселе бойынша депутаттар аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиеваның баяндамасын тыңдады және өз шешімімен аудандық бюджетке өзгертулерді бекітті.
Сондай-ақ, сессияда аудандық мәслихаттың бұрын қабылданған шешімінің күші жойылды.