Нормативтік құқықтық актілер арқылы мемлекеттік реттеу адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығымен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бекітілген. Олар келесідей,
- Нормалары ведомствоішілік қызметті реттейтін және үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғамайтын «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Баспасөзде жарияланбайды», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер.
- Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт.
- Бюджет түсімдерін бюджет деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Еуразиялық экономикалық одаққамүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесін бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт.
- Республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) тізбесінің сыныптауышын бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт.
- Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт.
- Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау көрсету туралы нормативтік құқықтық актілер.
- Жайылым айналымы схемаларын бекіту жөніндегі, сондай-ақ жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша жоспарды бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
- Қауымдық сервитуттарды белгілеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
- Уәкілетті орталық мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актісі негізінде әзірленген және қосымша құқық нормасын қамтымайтын, сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
- Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
- Үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғамайтын мемлекеттік органдардың, олардың қарауындағы ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұлттық операторлардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер.
- Әкімшілік-аумақтық бірлікке, құрамдас бөліктерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы нормативтік құқықтық актілер.
- Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы жергілікті өкілді органдардың нормативтік құқықтық актілері.
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы пилоттық жобаларды іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілер.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт.
- Тиісті қағидалар, әдістемелер не басқа нормативтік құқықтық актілер негізінде айқындалатын квоталарды, лимиттерді, бағаларды, тарифтерді, тарифтік мөлшерлемелерді, нормаларды, нормативтерді, өлшемдерді, оның ішінде олардың шекті не ең төменгі мәндерін бекіту (айқындау, белгілеу) туралы нормативтік құқықтық актілер.
- Нормативтік техникалық құжаттарды бекіту туралы нормативтік құқықтық актілер.
- Мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту, бөлу және орналастыру бойынша нормативтік құқықтық актілер.
А.Нурмаханбетова, Жамбыл облысының Әділет департаменті