2023 жылдың 6 ай қорытындысына сәйкес криминогендік жағдай Қордай ауданы бойынша қылмыстардың -18,6%-ға (204-тен 166-ға дейін) төмендеуімен сипатталады.
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар, оның ішінде алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен мүлікті заңсыз иеленумен байланысты алаяқтықтық қылмыстық қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр.
Көптеген адамдар, өздерін алдау оңай емес деп санайды, алайда іс жүзінде жәбірленушілердің өздері, мүліктік және материалдық мәселелерін шешу мақсатында, қылмыскерлердің қолына түсетін жағдайларлар жиі кездеседі.
Алаяқтардың арбауына түсіп қалып жатқан адамдар аз емес және оның торына кез келген адам түсіп қалуы мүмкін.
Мысалы, Қордай ауданының тұрғыны өзінің танысының сеніміне кіру арқылы заңсыз бірнеше рет шағын несие ұйымдарынан несие алып, қарызын төлеуден бас тартқан.
Сотталғанның қылмыстық іс-әрекетінің кесірінен жәбірленушіге 1 500 000 теңге залал келтірілген.
Қордай аудандық сотының үкімімен сотталғанға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, қазіргі таңда жазасын аудандық пробация қызметінде өтеп жүр.
Құрметті аудан тұрғындары! Пайдалы ұсыныстар мен үстеме пайда туралы кез-келген ақпаратты тексеріңіздер, күмәнді ұсыныстардан аулақ болыңыздар. Бұл жағдайда сіздердің мүліктеріңіз сақталады.
Бұдан басқа, заңмен көзделген қатаң қылмыстық жауапкершілік және алаяқтық жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы туралы құқық бұзушыларды ескертеміз.