Қамба картопқа толды

0

Күні кеше ауданымызда картоп жинау науқаны аяқталып, шаруалар бас-аяғы 126 мың 787 тонна өнім алды. Айта кетсек, орташа өнімділік көлемі гектарынан 345 центнерді құрап отыр.

Облыс бойынша картоптың басым бөлігін қордайлық шаруалар өсіріп, бұл дақыл түріне биыл жыл басында 3675 гектар алқап бөлінген болатын. Демек, ауданымыздың тек Жамбыл облысын ғана емес ірі қалаларды да картоппен қамтамасыз етуге қауқары бар. Бүгінгі күнге Сортөбе, Масанчи, Ауқатты ауылдық округтерінде картоп жинау жұмыстары толығымен аяқталды.

Сонымен қатар, Қордай ауданының шаруа қожалықтары көкөніс жинаудан да алдына жан салмай, болжам бойынша жалпы жиналған өнімнің көлемі 150 мың тоннаға жетпек. Бұл ирригациялық желілерді қалпына келтіру арқылы ауылшаруашылық алқаптарын ұлғайту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың оң нәтижесі. Аталмыш бағыт аудан басшылығының жіті назарында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.