МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ-ды ҚАЙТАРУ ТӘРТІБІ

0

Салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баждың қате төленген сомасын қайтаруды салық төлеушінің банктік шотына мемлекеттік баж сомасы белгіленген бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан оны төлеу орны бойынша салық органы жүргізеді. қайтару туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кайтарылуға жатқызылды.

Қате немесе артық төленген соманы қайтару үшін мемлекеттік баждың артық төленген сомасы туралы салық төлеуші төлем жүргізілген мемлекеттік кіріс органына жүгінуі қажет.

Бюджеттен артық немесе қате төленген баж сомасын, қызмет алушы, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 108 бабының 3 тармағына сәйкес, салықтық өтінішпен бірге мемлекеттік баж сомасын төлегені туралы төлем құжатын және тиісті уәкілетті органдардың оны қайтару үшін негіз болып табылатын құжаты негізінде, банкте ашылған есеп шоты арқылы қайтарып ала алады.

Осы бапта көзделген мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтару туралы құжаттар салық органына мемлекеттік баждың сомасы төленген күннен бастап үш жыл өткенге дейін табыс етілуге тиіс.

Қате немесе артық төленген  мемлекеттік баж сомасын  қайтаруға өтінішті электрондық түрде;

-Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық сервисі – « салық төлеушінің кабинеті»;

— «электрондық үкімет порталы e-gov.kz»;

— «eSalyq Azamat» мобильді қосымшасы  арқылы жіберуге  болады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.