КОМИССИЯЛАР ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

0

11 тамыз күні Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың сессиясы өтті. Сессия жұмысына депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық Қоғамдық кеңестің төрайымы қатысты.

 

«2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы 33-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша халық қалаулылары Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысы Светлаан Абдужалиеваның баяндамасын тыңдады. Бұдан кейін жарыссөзде депутаттар Камиля Дургалова мен Қарлығаш Қыпшақбаева сөз сөйледі.

Сондай-ақ, сессияда Қордай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және Қордай ауданы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамы бекітілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.