Көп жылғы тәжірибе көрсеткендей, құрғақ ауа райының басталысымен тұрғындардың құрғақ шөп пен қоқысты жағуына байланысты өрттердің саны өсуде.
Жылдан жылға бір көрініс қайталанады: темір жол мен тас жол бойында, алқаптарда және жыраларда өткен жылдан қалған шөп, қоқыс жанады. Ал біздің кез-келгеніміз, жанған шөптің, машинадан сөндірілмеген темекінің тасталуын көрген, табиғатта көңілді пикниктен кейін белгіленбеген жерлерде қоқысты жағып, кейін бықсыған от қалдырған, соның салдарынан жерлестеріміздің ондаған жылдар бойы жинаған мүліктерін жоғалтып, баспанасыз қалғанының куәгеріміз.
Мәселен, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 336 — бабына сәйкес «өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау» өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау ережелерін бұзу, көрсетілген қалдықтарды жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау, — ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға-үш, лауазымды адамдарға-жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға ескерту жасауға немесе жеке — орта кәсіпкерлік субъектілеріне — жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
Б.Әпілбек, Қордай ауданы ТЖБ инженері,
азаматтық қорғау лейтенанты