ҚАУЛЫ №452

0

Қордай ауылы | 29.10.2026 ж.

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 05 қазандағы «Қордай ауданы бойынша босалқы жер қорындағы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықтарды конкурс арқылы табыстау мақсатында шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерінің тізімін бекіту туралы» № 409 қаулысына толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін — өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26 бабына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 05 қазандағы «Қордай ауданы бойынша босалқы жер қорындағы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықтарды конкурс арқылы табыстау мақсатында шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерінің тізімін бекіту туралы» № 409 қаулысының қосымшасы №25, №26, және №27 жолақтарымен толықтырылсын;
  2. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін;
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Қордай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ж.Бакаев

 

Қордай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «30» қазандағы «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 05 қазандағы «Қордай ауданы бойынша босалқы жер қорындағы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықтарды конкурс арқылы табыстау мақсатында шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерінің тізімін бекіту туралы» № 409 қаулысына толықтыру енгізу туралы» №452 қаулысына қосымша

№, лот Жер учаскесінің орналасқан жері Нысаналы мақсаты Жалпы көлемі, га Оның ішінде Жалға беру мерзімі, жыл
Жайылым, га
Қарасай ауылдық округі аумағындағы «Алмалы» мемлекеттік жер қоры
25 «Алмалы» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 158,34 158,34 20 жыл
26 «Алмалы» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 144,656 144,656 20 жыл
27 «Алмалы» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 227,148 227,148 20 жыл

Leave A Reply

Your email address will not be published.