- Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2023 жылғы 27 қыркүйек, жергілікті сағат 16.00 — де, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, №242 үй мекен-жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
 - Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттері (маршруттар) шығарылады:
 
№1 Қайнар а. (Қордай ауданы) – Қордай
Бетқайнар а. (Қордай ауданы) – Қордай а.;
- Конкурста меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
 - Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, № 242 үй мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
 - Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылғы 18 қыркүйек сағат 12.00-ге дейін.
 - 2023 жылғы 27 қыркүйек, сағат 16.00-де конкурстық Комиссия, конкурс өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
 - Анықтама алу үшін телефоны: 8 (72636) 2-10-52.
 
Д.Ебелекбаев, ТҮКШ ЖК және АЖ
бөлімінің басшысы