«Мектепке жол» Республикалық акциясы Кенен ауылы №42 Е.Қашағанов атындағы орта мектепте ұйымдастырылды.
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қорларының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. Мектебімізде ұстаздар қауымы мектеп табалдырығын аттаған әр оқушыны жылы жүзбен қарсы алып, көмекке мұқтаж 5 оқушыға оқу құралдарымен көмек көрсетті. Сондай-ақ жеке шаруа қожалықтары, мекеме ұжымдары және ауыл азаматтары 10 оқушыны мектеп формасымен қамтамасыз етіп, демеушілік етті.
Бүгінгі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйым-дастыруға ұйытқы болып отырған мектеп басшыларына, қол ұшын беруге атсалысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.
М.Аусагатова, М.Меирханова,
№42 ОМ әлеуметтік педагогтары