СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

0

Құрметті Қордай ауданының жұмыс берушілері, Қордай ауданы бойынша «Мансап орталығы» филиалы субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаражаты бойынша жұмыс орындарына орналастырылған адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларына сәйкес enbek.kz (электрондық еңбек биржасы) порталында ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап 2024 жылы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын ұйымдастырғысы келетін жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Жұмыс берушілер өз кәсіпорнында субсидияланатын жұмыс орындарының мынадай түрлерін ұйымдастыра алады: «Қоғамдық жұмыстар», Жастар практикасы, «Әлеуметтік жұмыс орындары», сондай-ақ «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары бойынша жұмыс орындары. Жұмыс беруші қосымша жұмыс орындарын ұйымдастырады, ал мемлекет бағдарлама қатысушыларына жалақыны толық немесе ішінара төлейді.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 31 қазанына дейін жалғасады.

Қордай ауданы бойынша «Мансап орталығы»

Leave A Reply

Your email address will not be published.