Атом ғылымына салынған инвестициялар — экономиканың түрлі салаларын дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді үлес. Оның күтілетін нәтижелері бір ғана жобаның аясынан әлдеқайда кең. Мұндай инвестициялардың маңызы тек жаңа қондырғыларды іске қосумен шектелмейді. Сонымен қатар елдің алдағы онжылдықтарда қандай технологияларды дамыта алатынына, қандай ғылыми міндеттерді шеше алатынына және қандай мамандар даярлайтынына да байланысты. Бұл туралы Toppress хабарлайды.
Дәл осы тұрғыдан Ядролық физика институты (ЯФИ) базасында жаңа көпмақсатты зерттеу реакторын салу мүмкіндігін қарастыру қажет. 2025 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында осындай мүмкіндікті қарастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ол Институттың болашақ ғылым қалашығының өзегіне айналу әлеуетіне назар аударды.