Ағымдағы жылдың 21 мен 30 қазаны аралығында аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйым-дастыруымен ZOOM желісі арқылы онлайн форматта «Профи-2020» атты кәсіби жастар арасында байқау өткізілді. Онда аудан бойынша барлық ауылдық
округтерден жастар бақтарын сынады.
Жыл сайын дәстүрге айналған бұл шараның мақсаты жастарға өз шеберліктерін танытуға мүмкіндік беру, кәсіпкер ретінде жаңа бастамаларына қолдау көрсету және іскерлік қасиеттерін дамыту болып табылады. Өз кәсібі бойынша сынға түскен жастардың шеберлігіне таң тамаша қалмау мүмкін емес. Мәселен, аспазшылар – бес саусағынан бал тамған адамдар болса, сән жолындағы мамандар – нағыз шығармашылықты сүйетін креативті жандар.
Әр байқау кезеңдерге сай 1-1,5 сағат көлемінде өткізілді. Аспазшылар бірнеше тағам үлгісін жасаса, маникюр ісінің шебері, шаштаразшылар мен визажисттер – қалыңдық көйлегінің үлгісі, кешкі сән үлгісі және креативті сән үлгісіне сай өз жұмыстарын ұсынды. Нәтижесінде жүлделі І-ші орынды Қақпатас ауылдық округінен аспазшы Тоқа Ақерке иеленсе, визажисттер санатынан І-ші орынды Бетқайнар ауылдық округінің жас кәсіпкері Алтынай Карибаева, әйелдер шаштараздары арасында І-ші орынды Алға ауылдық округінен Сания Есенбекова және ерлер санатынан Масаншы ауылдық округінен Бақытжан Аманбаев иеленді. Сондай-ақ, Бетқайнар ауылдық округінің маникюр ісінің шебері Аружан Джавмашева І-ші орынды жеңіп алды. Жүлделі орынға ие болған қатысушылар Жастар ресурстық орталығы дайындаған бағалы сыйлықтары мен алғыс хаттарымен марапатталды.
Г.Демеуова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ жастар ісі жөніндегі инспекторы