САНАЛЫ ТАҢДАУ – САПАЛЫ ӨМІР

0

Қордай ауданында жастарға арналған «Отбасылық өмірге қадам: саналы таңдау мен жауапкершілік» атты некеге дейінгі дайындық бағдарламасы өтті.

Шараны «Аяла» отбасын қолдау орталығы ұйымдастырды. Кездесуді Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Елеусізова ашып, жастарға отбасылық құндылықтар мен жауапкершіліктің маңыздылығы туралы айтып берді.

Бағдарлама аясында қатысушыларға отбасылық өмірге дайындалудың бес маңызды бағыты бойынша пайдалы ақпарат берілді: өзара түсіністік, жауапкершілік, денсаулық, құқықтық сауаттылық және қаржылық тұрақтылық.

Бұл бағыттар бойынша психолог Жұлдыз Оспанқұлова, акушер-гинеколог Шынар Үсербаева, құқықтану пәнінің оқытушысы Айгүл Сарымсақова және экономикалық пәндер оқытушысы Гаухар Қасенова дәріс оқыды. Мамандар сонымен қатар жастардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Шара соңында бағдарламаға қатысып, жастарға қажетті ақпаратпен бөліскен мамандарға «Аяла» отбасын қолдау орталығының директоры Г.Ордаштың атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.