«БІЗ ЖАНБАСАҚ ЛАПЫЛДАП…»

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенді өкілдерімен кездесуде: «Қазақстан азаматтарының, әсіресе жастардың еңбекқорлық қағидатын ұстануы маңызды. Қазір заман басқа, яғни маңызды шешімдердің уақыты, серпіліс жасайтын сәт. Біз мамандар іріктелетін, сәйкесінше уақыт өте келе мемлекетті басқару жауапкершілігін арқалай алатын өте қабілетті адамдар шығатын ашық қоғамға қарай қадам басып келеміз. Елімізге белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында», деген болатын.

Расында да жастарға қолдау, оларды дамыту бүгінгі күндегі маңызды шаралардың бірі болып табылады. Осы орайда Қордай ауданында жастар саясаты бойынша бірқатар жұмыстар қолға алынған. Қазіргі таңда  жалпы аудан бойынша 14-35 жас аралығында 48 500 жас бар екен. Бұл аудан халқының 33% құрап отыр. Аудан әкімдігі берген мәліметтерге сүйенсек 2023 жылдың 8 айы ішінде 1641 жас азамат әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылыпты. 815  жас  ваканттық бос жұмыс орындарына  жолданса,  қыркүйек айынан бастап 50 жасты қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамту бастау алып, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 277 жас оқуын аяқтап, сертификаттарын қолына алған.  Сонымен қатар 18 азаматқа жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант берілген. Бұл әрине қомақты қолдау болғаны анық.

Жамбыл облысының жастарына жеңілдікпен несие беруге арналған «Әулие ата жастары» бағдарламасы арқылы 3 қордайлық жас отбасы «Отбасы банкі» арқылы баспаналы болды. Бұл да қолдаудың нақты бір көрінісі деп білеміз.

Оқуын жаңа бітіп, жұмысқа орналасқан жас маманға қолдау болып келе жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2023 жылға республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға 16 маманға 82,8 млн. теңге қаражат қарастырылыпты.  Ал, аудандық бюджеттен көтерме жәрдемақы әлеуметтік қолдау шараларына — 100 маманға 34,5 млн. теңге қаржы бөлінген. Ағымдағы  жылда  51 маман көтерме жәрдемақы алса, бүгінгі күнге 38,8 млн. теңгеге 7 адам тұрғын үй сатып алуға өтінімін тапсырған. Ол өтінімдер қаралу үстінде екен.

Мемлекет басшысы  жастар еліміздің қоғамдық өміріне белсенді түрде араласып, өз ұстанымына берік болып, түрлі идеялар  ұсынып, оларды іске асыруға атсалысқаны жөн, дейді. Ендеше жергілікті жерде қолдауға ие болған жастар ел дамуына сүбелі үлес қосады деп ойлаймыз.

Дайындаған Жандос Омаров

Leave A Reply

Your email address will not be published.