ӘСКЕРИ ТЕХНИКА ҚЫСҚА САҚАДАЙ-САЙ

0

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қару-жарақ пен әскери техниканы қысқа даярлауда. Атап айтқанда, жанар-жағармайдың жазғы түрін қысқы түріне, дизель отынына ауыстырылуда. Реттеу жұмыстары да жүргізілуде, дөңгелектер, май, ауа, отын сүзгілері ауыстырылған. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты бөлімшелердегі әскери техниканы қысқы жұмыс режиміне көшіру жұмыстары «Батыл-Тойтарыс-2023» оқу-жаттығулары аясында өтіп, техника мен жеке құрам тұрақты орналастыру пункттеріне қайтарылғаннан кейін бірден қыркүйек айының соңында басталды.

Қысқы және жазғы уақытта техникалардың жұмыс жағдайлары айтарлықтай ерекшеленеді, сондықтан техниканы қысқы режимге көшірудің барлық ұйымдастырушылық мәселелерін қамтамасыз ету қажет. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың ең маңызды міндеті – қысқы жағдайда алғашқы дабыл бойынша жауынгерлік машиналар әртүрлі марштарды өткізуге, жеке құрамды тасымалдауға және кез келген тапсырманы орындауға әскери көлік парктерінен шығып, жедел әрекет ете алатындай әскери техниканы дайындау.

– Басқа бөлімшелердің қатарында «Оңтүстік» РМК Бауыржан Момышұлы атындағы бесінші механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілері де әскери және арнайы техникаға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп, қару-жарақтың жағдайын тексеріп, анықталған ақауларды жоюы керек. Механикаландырылған бригадада әскери техниканы қысқа дайындау жұмыстарының көлемі де қомақты. Әскери бөлімнің жауынгерлік автокөлік парктерінде ондаған жаяу әскердің жауынгерлік машиналары, тракторлар, танктер, КамАЗ-дар, автобустар, жеңіл автокөліктер және басқа да әскери арнайы техникалар қызмет көрсетті. Қажет болған жағдайда машиналарда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен бөлшектер мен тораптар ауыстырылады. Сонымен қатар, жауынгерлік техниканың инвентаризациясы ауыстырылып, шығын материалдары – қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар мен керек-жарақтар толықтырылуда. Біз қару-жарақтың техникалық жағдайына және қысқы жұмыс режиміне көшіру мәселелеріне жіті көңіл бөлеміз, – деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасары, подполковник Радик Сабирзянов.

Жауынгерлік машиналар кез келген ауа температурасында және кез келген ауа райы жағдайында іске қосылатынына, барлық жүктелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Leave A Reply

Your email address will not be published.