ЖАС САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасында «Күз-2026» шақырылымы жас сарбаздарының салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Қордай ауданы әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұл қатысып, жас сарбаздарды өмірлеріндегі маңызды сәтпен құттықтады.

Бұл күні 295 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге, мемлекеттік шекараны қорғауға және ел тыныштығын сақтауға салтанатты түрде ант берді.

Айтулы рәсімге сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстары арнайы келіп, ұлдарының өміріндегі маңызды сәтке куә болды.

Шара барысында шекара қызметінің әскери қызметшілері арнайы дайындалған көрсетілімдерін ұсынып, жауынгерлік шеберліктері мен кәсіби дайындықтарын танытты. Сонымен қатар қызметтік иттердің қатысуымен әсерлі жаттығулар көрсетіліп, көрермендердің қызығушылығын тудырды.

Әскери ант қабылдау – әрбір азамат үшін үлкен жауапкершілік пен абыройдың белгісі.

Жас сарбаздарға әскери қызметте сәттілік, қайсарлық пен төзімділік тілейміз! Отанға деген адалдықтарыңыз әрдайым биік болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.