Ауыл шаруашылығы.
Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 6554 тонна ет (сойыс салмақта), 55243,1 тонна сүт, 16885,7 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 139,3 тонна ет кем өндіріліп, 685,3 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 81500 басқа, қой — 495480 басқа, ешкі — 10504 басқа, жылқы — 18201 басқа, шошқа — 1442 басқа, үй құстары — 124829 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда қой — 49070 басқа, жылқы -724 басқа, шошқа — 467 басқа көбейіп, ірі қара мал — 1871 басқа, ешкі — 2297 басқа, үй құстары — 10744 басқа кеміді.
Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 15787481 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 100,7%-ды құрады.
Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 36735485 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 13098105 мың теңгені құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 29748845 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 8024541 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 21724304 мың теңгеге сатылды.
Қордай ауданы бойынша статистика басқармасы