Абайлаңыз, қауіпті ПИРОТЕХНИКА!

0

Сейсенбі күні Қордай аудандық мәслихат депутаты Әлібек Омар, «Аманат» партиясы Қордай аудандық филиалы, аудандық полиция бөлімі, аудан әкімдігінің спорт бөлімі, әкімшілік, ауылдық мектеп және билер кеңесі өкілдері Әлжан ана ауылындағы сауда нүктелерін аралап, жергілікті кәсіпкерлерге пиротехникалық құралдарды сатудың жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында дүкен иелеріне пиротехникалық бұйымдарын  сату және сақтаудың ережесі, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау ережесі түсіндірілді.

«Құрметті де , қадірлі қазақ елі! Сіздерге өзімнің өтінішімді білдіргім келеді. Міне, бір айдан кейін 2024 жылға аяқ басқалы тұрмыз. Осыған орай көпшілігі 2-3 ай бұрын  отшашу құралдарын, пиротехникаларды сатып алып дайындық жасау үстінде. Бұл пиротехникалық құралдарды қолдану кезінде балалардың денсаулығына тигізетін зияны, дене мүшелерін жарақаттап алу қауіпі бар екенін біле тұра , кейбір кәсіпкерлер, сатушылар осыдан пайда көруді ойлайды. Егер Сіз рұқсат етілмеген құралды сатқаныңыз үшін біреудің баласының дене мүшесіне зиян келсе, Сіз де ол үшін жауапты болатыныңызды ұмытпағаныңыз жөн. Сол бір күн-бір минуттың қызығы үшін сонша қаражатты көкке шашып ысырап еткенше, туыстарымызға, балаларымызға жақсы сыйлық жасайық, артылып жатса ауылдағы мұқтаж жандарға көмегіңізді тигізгеніңіз дұрыс болады», — деп аудан тұрғындарына үндеу арнады «Аманат» партиясынан сайланған аудандық мәслихат депутаты Әлібек Омар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.