29 қарашада Қордай аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша зерделеу жұмыстарының нәтижесі қаралды.
Зәрделеуде мәлім болғандай, Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мекемемен мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Бұл ретте, аталған мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасымен реттеледі.
Мекемеде мемлекеттік қызметтерді көрсету жауапкершілігі бас маман Нұрғайша Салиеваға жүктелген. Бөліммен қызмет көрсету барысында қағиданың аталған талаптарының және бекітілген жұмыс мерзімінің сақталған, бөліммен көрсетілетін қызметтері бойынша қызмет алушыларға қажет құжаттар тізбесі мен көрсетілу тәртібі және электронды мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттандыру туралы мақалалар жарияланған.
Бүгінде мемлекеттік қызметтері көрсетілген саны 133 болса, бас тартылғаны 59, бизнес процесінің және қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы фактілері анықталмаған.
Жиын соңында бірқатар шешімдер қабылданды. Қысқаша тоқтала кетсек, қызмет беруші мен қызмет алушының арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, көрсетілетін қызметтің бизнес процестерін бұзбау, ең бастысы көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді ұсынудан бас тартудың негізі болатын формалды талаптарды жою, қызмет алушыларды әуре-сараңға салмау, бюрократияға жол бермеу, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды үлесін арттыру және тағы басқалар.
Аталмыш шешімнің орындалуын бақылау Қоғамдық кеңестің бюджет, қаржы және құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларын қолдау мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелді.