Тұрғын үй секторларындағы өрттердің өсуі және түтіннен улану жағдайларының негізгі себептері — пеш құбырларын уақтылы тазаламау және электр жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болып табылады.
Осыған байланысты өртке және адам өліміне жол бермеу мақсатында Қордай ауданы, Отар ауылы №17 өрт сөндіру бекеті қызметкерлері Отар ауылдық әкімшілік қызметкерлерімен бірлесіп, Отар ауылы аумағында жылыту кезеңінде тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейд өткізудегі негізгі мақсат – тұрғындарды қауіпсіздік бойынша сауатты болуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақыру.
Серік Нәметқұлов, Қордай ауданы, Отар ауылы №17 Өрт сөндіру бекетінің бастығы