ЖАУЫНГЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

0

Тәуелсіз қазақ елі бүгінде қорғаныс күштерін дамыту жолында әскер саласын жандандырып келеді. Мемлекет тарапынан берілген қолдаулар жыл сайын өтетін шараларда көрініс табады.

Қарасай батыр атындағы кіші мамандарды даярлау орталығы сол айтылған сөздің дәлелі болып, сарбаздардан ант қабылдау кезеңіне аяқ басты. Салтанатты шарада 80-ші Гвардиялық, 2-ші дәрежелі Суворов орденді 30212 әскери бөлімі жауынгерлік туды шығарып, келушілер мен ата-аналарға өз әлеуетін көрсетті. Өз кезегінде Гвардейск гарнидонының бастығы, полковник Ержан МЕЙІРМАНОВ, Құрлық әскерлерінің оқу орталығының командирі, ұлан полковнигі Сәбит УРКИНБАЕВ және бөлім бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Бахытжан Сералиев жауынгерлерге ізгі тілегін білдірді. Айталық жас сарбаздар ротасының үздіктері де ұмыт қалмай, алғыс хаттармен марапатталды.

«Жауынгерлік іске жұмыла кіріскен жастарамыз алдағы бір жыл көлемінде Гвардейск гарнизонында борышын өтемек. Мұнда әрбір әскери бөлім қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған. Яғни олардың жаңа білімді игерудегі үздіксіз жұмыстарында кедергі туындамайды. Нақтырақ айтсақ күн тәрбінде олар арнайы оқу корпусында өз бағыты, лауазымына қарай тәлім алады. Ойға түйгенді іске буып жаттығуға арналған аппараттар мен техника симуляторларын қолданады. Бұл атыс алаңындағы жаттығуларда жоғары көрсеткішке жету үшін керек. Бір сөзбен айтқанда қазіргі жас буынды нағыз жүрек жүтқан азаматқа айналдыру үшін барлық мүмкіндікті пайдаланамыз,»— дейді 40-шы Отар әскери базасының бастығы, полковник Ержан МЕЙІРМАНОВ.

Сөз барысында 30212 әскери бөлімінің басшысы, полковник Сәбит УРКИНБАЕВ те жылда үздіктер қатарынан табылатын оқу орталығының тарихы тереңде жатқанын айтты. Талай тартысты уақыттардан бері жұмысын жалғастырып келе жатқан сарбаз ордасы білімді сержант, офицерлердің арқасында үлкен жетістіктерге жетті.

30212 әскери бөлімінің басшысы, ұлан полковнигі Сәбит УРКИНБАЕВ:

«Ата-аналардың басым бөлігінің сұрауы — бала санасының заман ағысынан қалыс қалмауы мен ас ішу режимі. Осы ретте бүгінгі күнді баласымен көрісу үшін ғана емес, олардың күнделікті өмір сүру қалпын көрсетуге арнадық».

Leave A Reply

Your email address will not be published.