Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бірлесіп 21 желтоқсан күні «Жылыту пештерін пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелері» атты рейдтік іс-шара ұйымдастырып өткізді. Рейдтік жұмыс барысында жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынама қағаздары таратылды.