БАЛАЛАРДЫҢ ҚЫСҚЫ КЕЗДЕГІ ҚАУІПСІЗДІГІ

0

Қыста балалардың барлығы дерлік шана тебуді, төбешіктен сырғанағанды, қар лақтырып ойнағанды және аққала жасағанды жақсы көреді. Алайда, балалардың қуанышын жарақаттар басуы мүмкін. Жағымсыз салдардан қорғау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтаған жөн.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары балалардың қысқы кездегі қауіпсіздік ережелері туралы төмендегідей кеңес береді:

Баланы қалың киіндірмеңіз. Қатты жеңіл де киіндірмеңіз. Киімнің қимылдауға кедергі келтірмеуі, ыңғайлы, жеңіл және жылы болуы тиіс.

Қысқы аяқ киім ыңғайлы болуы, оның табаны таймауы қажет, сол кезде бала қар мен мұздың үстінде аз сырғанайтын болады.

Бала қолғаптарын жоғалтпауы үшін оларға резеңке тағып қойыңыз.  Барлық мүмкін болатын қауіпті жағдайлардың алдын алыңыз.

Конькимен арнайы жабдықталған орындарда сырғанау керек. Құлап қалу мүмкін болғандықтан, балаға тығыз киім кигізіңіз. Қажет жағдайда ұстап қалу және құлатып алмау үшін баланың жанында болыңыз.

Шананың сынған жерлерінің болмауын тексеріңіз. Төбешіктен шанамен емес, ледянкамен сырғанаған дұрыс. Көлік өтетін жерге қарай сырғанамау керек, кішкентай балаларды кішкентай, аласа қарлы төбешіктерден, адамдар аз жүретін және ағаштар өспейтін, дуалдар және басқа да кедергілер болмайтын жерлерде сырғанатқан жөн. Баланың шанада ішімен жатып сырғанауына рұқсат етпеңіз, ол тісін сындырып немесе басын соғып алуы мүмкін.   Балаларға жолға жақын ойнауына рұқсат етпеңіз. Биік жерлерден қарға секіруге рұқсат бермеңіз. Қардың астында сынған бөтелкелер, тастар, қоқыс және т.б. болуы мүмкін.

Балаларға қарды, мұз кесектерін ауызға алуға болмайтынын түсіндіріңіз: оларда ауру тудыратын көзге көрінбейтін кірдің және микробтардың болуы мүмкін. Балаларға мұз басқан тротуармен бүкіл табанмен басып, кішкентай қадамдармен жүруге үйретіңіз. Мүмкіндігінше, тайғақ жерлерді айналып өтуге тырысыңыз.  Қыста әсіресе жолды абайлап өткен дұрыс – тайғақ жолда машина тез тоқтай алмауы мүмкін.

Аязды күндері балалармен бірге серуендеуді азайтыңыз немесе мүлдем тоқтатыңыз, өйткені үсіп қалу қаупі жоғары болады.   Балаларды қауіпсіздік ережелерін үйрету олардың көптеген қауіпті жағдайлардан аулақ болуына көмектеседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.